Семейде 110 шетелдік азамат жауапқа тартылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 110 шетелдік азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Соның нәтижесінде, шетелдіктер тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталуда.

«4 күн ішінде шаһар аумағында заңсыз жұмыс істеген 63 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзып, белгіленген мерзімнен артық жүрген 110 шетелдік анықталған. Бүгінде оның 12-сі Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Бұдан бөлек, басқа ел азаматтарының келгені туралы тиісті органдарға уақтылы хабарламағаны үшін оларды қабылдаған 30 тұрғын жауапқа тартылған», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, жеке кәсіпкерлердің бірі шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланып, Өзбекстан Республикасының екі азаматын тандыр нан дайындау цехына жұмысқа қабылдаған.

«Жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарға жұмыс бергені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ал өзбек азаматтарына қатысты материал жиналып, Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар