Семейде 11 үйді тонап кеткен әккі ұры қолға түсті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде полиция қызметкерлері 11 үйді тонап кеткен әккі ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында үй тонаумен айналысқан Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта ер адамның 11 үйге ұрлыққа түскені анықталып отыр.

«Әккі ұры терезе арқылы үйге кіріп жүрген. Тұрмыстық техника, бағалы зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап, із суытып отырды. Ұрланған заттарды Семейдегі ломбардтарға өткізген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен тергеу амалдарын жүргізуде.

Күдіктінің басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар