Семейде 11 мыңнан астам отбасы үй кезегінде тұр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде 11 мыңнан астам отбасы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр Семейде 112 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ көпбалалы және толық емес отбасыларға және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға 20 млн теңге соммасындағы 20 тұрғын үй сертификаты берілді.

Бұл жайлы ақпарат орталығында онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді.

«Осы жылы 22 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлаған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 25 млн теңгенің 25 сертификаты табыс етілді. Бұдан бөлек, Қарағайлы ықшамауданындағы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін көпқабатты төрт үйден 125 пәтер көпбалалы отбасыларға берілмек», - деді ол.

Бүгінде қалада 11 318 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мұқтаж және көпбалалы отбасыларына төлемге қабілеттілігін растау үшін 250 жолдама берілді.

«2020 жылдың екінші жартысында жергілікті атқарушы органдардың кезегіндегі отбасыларға арналған «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы басталды. Тұрғын үйді тек бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады. Сонымен қатар Комсомол кентінде көпбалалы жанұяларға арналған 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарын және жетім балаларды үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 119 пәтер бөлу жоспарлануда», - дейді Диана Шаяхметова.


Соңғы жаңалықтар