Семейде 11 адамды үсік шалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 40 градус аяз болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, соңғы екі күннің ішінде қаланың медициналық мекемелеріне дененің түрлі бөліктерінің үсік шалуы диагнозымен 11 адам түскен. Бүгін, 3 қаңтарда Семей қаласында ауаның температурасын -40 градусқа дейін төмендеді», - деп хабарлады ведомствода.

Полиция басқармасы қала тұрғындарын аяз кезінде қажеттіліксіз көшеге шықпауды, балалар мен қарттарға көңіл бөлуді, сондай-ақ көлікпен елді мекендердің сыртына шықпады сұрайды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында аязға байланысты дизельдік қозғалтқышпен жүретін көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды, ал Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында оған қоса қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының көп бөлігіне әлі де Солтүстік антициклон сілемі әсер етуде. Осыған байланысты, 3 қаңтарда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, алайда аяз сақталады.


Соңғы жаңалықтар