Семейде 10 жыл тоқтап тұрған мешіт құрылысы қайта жанданды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 10 жыл тұралаған мешіттің құрылысы бүгін салтанатты түрде қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жарым мың адамға арналған мешіт құрылысы 2008 жылы басталған еді. Алайда қаржының жетіспеушілігінен құрылыс бірнеше рет тоқтап, аяқсыз қалған. Енді, міне, мешіт құрылысын қазақстандық «ТAS Group» компаниялар тобы қолға алды. Бүгін құрылысы басталған мешіт басында құрбандық шалынып, құран оқылды. 2 жылдың ішінде жұмыстар аяқталып, халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

«Бүгін біздің қала үшін маңызды күн. Себебі, ұзақ жыл тоқтап тұрған мешіт құрылысы қайта жанданып жатыр. Бұл Тұрсын және Дулат Тастекеевтердің арқасы. Әкімшілік тарапынан да қолдау көрсетіледі. Негізі, құрылыс жұмыстары екі жылға белгіленіп отыр. Бірақ барлығымыз жұмылып, көмек көрсетсек, жұмыс мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Еске сала кетейік, бұған  дейін мешіт құрылысына жаңа инвесторлар тартылғаны туралы хабарлағанбыз.
nullnull

 

Соңғы жаңалықтар