Семейде 1 наурыз күні дүниеге келген сәбилерге Рахметжан, Алғысбай есімдері қойылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласында Алғыс айту күні ерекше өтті. Орталық алаңда жастар «Мен алғыс айтамын!» флешмобын өткізіп, «Достық» үйінде этнобірлестік өкілдерінің концерті ұйымдастырылды. Ал қала перзентханаларында «Сүйінші» шарасы өтті, деп хабарлады 24.kz.

Алғыс айту күні дүниеге келген сәбилерге қаланың белсенді азаматтары сый-сияпат үлестіріп, аналарды арнайы барып құттықтады.
Сөйтіп, бұл күні қалада 15 нәресте, яғни 6 ұл, 9 қыз жарық дүние есігін ашты. Кейбір ата-аналар өз балаларына ырымдап Рахметжан, Алғысбай, Достық деген есімдер береміз деген.
- Бұл күні таңертеңнен бастап бір-бірімізге мейрамда алғысымызды білдірдік. Барлықтарымыздың көңіл-күйіміз жоғары, жақсы. Бүгінгі күн ерекше, бөлек болып жатыр біз үшін, - дейді дәрігер Самал Уәли

Соңғы жаңалықтар