Семейде 1 ай бұрын жоғалған қыз үйіне аман-сау оралды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 19 мамыр күні жоғалған 18 жастағы Зарина Григоренко аман-есен үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамыр айында ұшты-күйлі жоғалған 18 жасар қыз үйіне аман-есен өз аяғымен келген. Қаладағы «Рина.КЗ Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел қыздың табылғандығы жайлы әпкесінің хабарлағанын айтты. Бірақ бойжеткен осы уақытқа дейін қайда болғанын айтпаған.

«Бізге Заринаның апайы хабарласып, оның үйге  өзі келгенін жеткізді. Барлығы жақсы. Еш жері зақымданбаған. Ал бұл уақытқа дейін қайда болғанын әзірге бізге айтпады», - деді  Евгения Павел.

Айта кетейік, қыз бала 19 мамыр күні  таңертең сағат 8:45 шамасында үйден оқуына шығып кетіп, содан үйге оралмаған.

Соңғы жаңалықтар