31.05.2023 17:56 Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу күніне орай қала тұрғындары «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткішіне жиналып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Еске алу шарасына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.05.2023 21:56 Абай облысының құрылғанына бір жыл толды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай Семейдегі Арбатта қолөнершілер, шеберлер мен суретшілер алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.05.2023 16:11 Депутаттар радиациядан ластанған аумақтарды оңалту мәселесін көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 00:52 Ресейден басталған орман өрті Абай облысында 70 гектар аумаққа жайылды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында орман өртін сөндіруге бүкіл күш-құралдар жұмылдырылды. Оқиға орнында барлық қызметтер, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.05.2023 23:44 Семейде Abai Marathon өтеді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 23 шілде күні Семей қаласында «Абай Марафон» жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.
17.05.2023 08:39 Алакөлде туристік маусым қашан басталады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Алакөл көлі жағалауында туристік маусым 15 маусымда басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
16.05.2023 15:00 Абай облысында екі ет комбинаты іске қосылады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында ет өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03.05.2023 02:03 Абай облысында соғыс ардагерлері 1,5 млн теңгеден алады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында тұратын екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24.04.2023 15:08 Семей өңірінде 17 мың гектарға егін салынады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Биыл Семей өңірінде 17 350 гектарға егін егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.04.2023 22:45 Семейдегі жолдардың 60 пайызы жөндеуді қажет етеді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі жолдардың 60 пайызы жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 14:08 Президент Абай облысы басшылығының жұмысына жоғары баға берді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев өткен кезеңде нақты жұмыстар атқарылғанын және оны жалғастыру керек екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.04.2023 19:06 Абай облысынан табылған алтын бұйымдар өлкетану музейіне тапсырылды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Аягөз маңындағы көне қорғаннан археологтар бағалы металдан жасалған тақтайшалар, жануарлардың мүсіндері және ұсақ моншақтар тапты. Бүгін Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне жәдігерлерді тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.04.2023 18:54 Семейде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.04.2023 18:23 Семейде жастар мәслихаты құрылды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық жастар мәслихаты құрамына енген депутаттардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.04.2023 14:58 Абай облысы ауылдарына су тасқынынан қауіп жоқ - әкімдік СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.04.2023 12:27 Таза табиғат: Семейде санитарлық тазалық науқаны басталды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының орталығында санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.04.2023 01:00 Еліміздің жасөспірімдері грек-рим күресінен бақ сынап жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысының орталығы Семей қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ел біріншілігінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 07:21 Семейде жолаушылар қоғамдық көліктерде хәкім Абайдың нақыл сөздерін оқи алады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі қоғамдық көліктерде хәкім Абайдың нақыл сөздері пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Абай облыстық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
30.03.2023 16:46 Семейде әлеуметтік желі арқылы алдайтын алаяқтар көбейген СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әлеуметтік желі арқылы жалған жарнама жүргізетін алаяқтар көбейе бастаған. Жыл басталғалы бері интернеттегі алаяқтыққа қатысты 66 факт тіркелген. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.03.2023 20:56 Семейде психикалық денсаулық орталығы қызметкерлеріне 128 млн теңге жалақы төлемеген СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысындағы медициналық мекеме 600-ден астам қызметкеріне 128 млн теңге жалақы төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.