Семей жолдарына келесі жылы 50 оң жақ бұрылыс жасалады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының жолдарына келесі жылы 50 оң жақ бұрылыс жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бақытжан Байахметовтің мәліметіне сүйенсек, биыл Семей жолдарын жөндеуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Соның нәтижесінде 30 көшеге асфальт төселіп, 47 көшеге грейдерлеу жүргізілді. 106 көшеге және жергілікті маңыздағы жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«2022 жылы қаланың 228 көшесі жөндеуден өтпек. Оның ішінде жалпы ұзындығы 62,7 шақырымды құрайтын 88 көшеге ағымдағы жөндеу, 38 көшеге грейдерлеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, жолдарға 50 оң бұрылыс жасалады. Бұл мақсатта 400 млн теңге жұмылдырылмақ», - деді Бақытжан Байахметов.


Соңғы жаңалықтар