Семей жастары «Менің Туым - менің Отаным» акциясына белсенді қатысуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының жастары «Менің Туым - менің Отаным» акциясына белсенді қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметіне сүйенсек, Тәуелсіздік күнінде белсенділер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы бейнеленген автокөліктерге арналған 100-ге тарта жапсырманы таратты.

Бұдан бөлек, акцияны көпқабатты үйлердің тұрғындары қолдаған. Оның ішінде жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағынауданының жұртшылығы да бар. Балкондарға ілінген 10-нан астам көк байрақты көруге болады.


Соңғы жаңалықтар