Семей тұрғынынан 2 млн теңге қарыз алып, елордаға қашып кеткен ер адам табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей тұрғынынан 2 млн теңге қарыз алып, елордаға қашып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қалалық ПБ Көші-қон қызметіне жүгінген жеке сот орындаушысы 38 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 2 000 000 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы қаулы шығарды.

«Белгілі болғандай, борышкер ақшаны қолхатпен алған. Бірақ бес ай бойы қарызды қайтармай келді. Жәбірленуші сот орындаушыларына жүгінгенімен борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. Өйткені ол тіркелген мекен-жайы бойынша тұрмаған. Сондықтан ер адамға іздеу жарияланды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары борышкердің Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалғанын анықтаған. Тиісті ақпарат қарызды өндіру үшін сот орындаушысына берілді», - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, Көші-қон қызметінің өкілдері алимент төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың және несиесін немесе қарызын өтемеген борышкерлердің қайда екендігін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері олар осындай 100-ден астам азамат табылды.


Соңғы жаңалықтар