Семей тұрғынын ұрлық жасауға мәжбүрлеген полицейлер сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін семейлік полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс материалдарына сай, өткен жылдың қыркүйек айында орталық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткішін көтеру мақсатында бұрын сотты болған азаматты бренд киімдер дүкенін тонауға мәжбүрлеген. Алайда ер адам бұл ұсыныстан бас тартқан. Полиция қызметкерлері тіптен ақша ұсынған көрінеді. Семей тұрғыны оған да көнбеген. Илікпеген «ұрыны» көндіру үшін үшінші адамды шақыртуға тура келген. Ол - бұрынғы полиция қызметкері. Өз кезегінде ол істің мән-жайын ұғынып, бірден «әрекетке» кіріскен. Жәбірленушіні әбден қорқытып, күш қолдану арқылы ұрлық жасатқан. Сәйкесінше, ұрыны оқиға орнында ұстағандай кейіп танытқан.

Алайда, оқиға олар құрған жоспармен жүзеге аспады. Тергеуді бұл іске қатысы жоқ полиция қызметкері жүргізген. Осы жерде ақиқаттың беті ашылады. Тергеу барысында ұсталған азаматтың кінәсіздігі анықталып, үш полицейге айып тағылды.

«Семей қалалық №2 сотының шешімімен үш азамат кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-деді Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар