Семей тұрғыны жоғалған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей тұрғыны ішінде 1,5 млн теңгесі бар жоғалған пакетті иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

102 нөміріне қатты абыржулы семейлік хабарласқан. Зардап шегушінің айтуынша, ол ВАЗ-2107 автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткен. Ер адам өзін Әуезов даңғылына жеткізіп салған автокөліктің түсін де, нөмірін де есіне сақтап қалмаған.

Алайда, полиция қызметкерлері келгенге дейін көлігінде қалып қойған пакетті тауып алған  қала тұрғыны ақшаны иесіне қайтарып берген.

«Өмірде мейірімді жандар аз емес екен», - деп атап өтті полицияда. 

Соңғы жаңалықтар