Семей тұрғыны соғыста хабарсыз кеткен әкесінің қабірін 76 жылдан кейін іздеп тапты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырту алған соғыс ардагері Сартай Бейімбетовтің қабірінен алынған бір уыс топырақ туған жеріне жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Іс-түзсіз жоғалған ардагерге туыстары соңғы 7 жыл бойы іздеу салған. Нәтижесінде оның Ресей Федерациясы Калинин облысы, Старицкий ауданы, Лебедево ауылында жерленгені анықталды. Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатының хабарлауынша, Сартай Бейімбетов 1943 жылы алған жарақатынан қайтыс болған. Ол өзінің жауынгерлік міндетін Қызыл әскер құрамында 653 атқыштар полкінде, 102-ші дивизияда өтеген.


«Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Осы уақытқа дейін көзім жастан құрғамай, әкем жайлы шындықты білмей кетем бе деген оймен жүрдім. Көңілім бүгін орнына түсті. Әкем Ресей Федерациясының Лебедево ауылында жерленіпті. Жасым 82-ге келсе де, басына барып, құран бағыштадым. Ескерткішін көрдім. Барша атсалысқан жандарға айтар алғысым шексіз. Кейінгі ұрпақ соғыс атаулыны көрмей, бейбітшілікте өмір сүрсе деймін»,- дейді ардагердің қызы Шайжамал Сартайқызы.

Сартай Бейімбетовтың туыстары марқұмның қабірінен бір уыс топырағын алып, Семейден 30 шақырым жерде орналасқан туған жеріне апарып жерледі.






Соңғы жаңалықтар