Семей тұрғыны Ресейден көлік аламын деп алаяққа 2,5 млн теңге берген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны Ресейден көлік аламын деп алаяқтың арбауына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 31 жастағы ер адам қоңырау шалған. Ол өз сөзінде бейтаныс біреудің «Ресейден «Toyota» маркалы автокөлікті нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға жеткізіп беремін» деп алдағанын айтқан. Осының салдарынан жәбірленушіге 2, 5 млн теңге көліменде материалдық залал келтірілген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында кінәсін мойындаған ол қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске салайық, осыған дейін полицейлердің Риддерде 30 сібір шыршасын заңсыз қазып алған елорда тұрғындарын ұстағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар