Семей тұрғыны өртенген үйден көршісін құтқарды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны өртенген үйде есінен айырылып қалған көршісін құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 26 желтоқсанда сағат 21.39-да Байсалықов көшесінде болған. Жер үйдегі асбөлме төбесінің ағаш құрылымдары, жиһаздар, жеке заттар мен есікті жалын шарпыды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көрші Александр Мухамедшин есінен айырылып қалған 1989 жылғы үй иесін сыртқа алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Денесін күйік шалған азамат жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау барысында жылыту пешінің маңынан ер адамның мәйітін тапты.

Айта кетейік, жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар