+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Семей тұрғыны арзанға көлік тауып беремін деп қарағандылықтың 4,5 млн теңгесін алдап алған

2021 жылғы 28 қыркүйек 22:56
Бөлісіңіз:
Семей тұрғыны арзанға көлік тауып беремін деп қарағандылықтың 4,5 млн теңгесін алдап алған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны арзанға көлік тауып беремін деп қарағандылықтың 4,5 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды Өскеменде алаяқ біреудің пәтерін 3 млн теңгеге сатып жіберген Пандемияда алаяқтар мен қаржы пирамидалары қазақстандықтарды 417 млрд теңгеге алдаған

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға 41 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласқан.

Өз сөзінде ол Семейде белгісіз біреудің сеніміне кіріп, аукцион арқылы арзанға сатылатын көліктер арасынан «Toyota Land Cruiser Prado» және «Toyota Highlander « автокөліктерін тауып беремін деп 4,5 миллион теңге сұрағанын айтты.

Алайда ақша қолына тиген соң байланысқа шықпай, мүлде жоғалып кетті.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні ұстады. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 33 жастағы семейлік өз кінәсін толық мойындаған. Ол жәбірленушінің ақшасын өзінің жеке қажетіне жұмсап үлгерді», - деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT