Семей тұрғыны арзан темекі аламын деп алаяққа 10 млн теңге берді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны көтерме саудамен электронды темекі аламын деп алаяққа 10 млн теңге берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қаладағы колледждің 19 жастағы студенті хабарласқан.

Өз сөзінде ол көтерме саудамен электронды темекі сатып алуға көмектесемін деген 26 жастағы танысына 10 млн теңгеден астам қаражат бергенін жеткізді.

Ақша қолына тигеннен кейін алаяқ хабар-ошарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін ішінара мойындады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар