Семей тұрғыны абайсызда 7-қабаттан құлап кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны 7-қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 16.00-де ер адамның биіктен құлағандығы жайлы хабар түскен. 6 минуттан кейін оқиға орнына мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті.
Олар 1-қабаттағы сауда нысанының төбесіне құлаған азаматқа көмекке ұмтылған.
«Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп ер адамды зембілге салып, құтқару арқанының көмегімен абайлап жерге түсірді. Жедел жәрдем дәрігерлері оны түрлі жарақатпен қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізді» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, мас күйінде қонаққа келген ер адам абайсызда терезеден құлап кеткен.
- Қызылордада жүйке ауруына шалдыққан азамат аязды күні адасып кеткен
- Полицияға жалған арыз жазған Өскемен тұрғыны істі болды
- Семейде құтқарушылар өртенген үйден 3 газ баллонын шығарып үлгерді
- «Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды
-
ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді
-
Семейде бір күнде 2 автобус жол апатына ұшырады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам