+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Семей тұрғыны 16-қабаттан секіріп кетті

2021 жылғы 22 қазан 17:23
Бөлісіңіз:
Семей тұрғыны 16-қабаттан секіріп кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ер адам 16-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министр Тұрғымбаев әйелді суицидтен құтқарған полицейлерді медальмен марапаттады Хат қалдырған: Гвардейск гарнизонында офицер өзіне қол салды Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

Кеше әлеуметтік желілерде Семей тұрғынының 16-қабаттан секіріп кеткендігі жайлы ақпарат тараған болатын. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін өзі өлтіруге жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT