+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Семей тұрғындары сенбілік акциясын өткізді

2021 жылғы 16 мамыр 15:53
Бөлісіңіз:
Семей тұрғындары сенбілік акциясын өткізді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының 300-ге жуық тұрғыны сенбілік акциясын өткізді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалының мүшесі, «Темір Транс» ЖШС басшысы Дулат Қажмұханбет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Волонтерлер Қарқаралы ұлттық паркіндегі жартастарды жазулардан тазартуда Өскеменде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемі жеті жылда 11% азайды Алматыда көліктен шығатын зиянды заттардың көлемі 10 мың тоннаға азайды

«15 мамырда Бейбітшілік аралында «Менің таза қалам» сенбілік акциясы өтті, оған қаламыздың еріктілері мен тұрғындары қатысты. Оған «Аѕ Mansur» спорт клубынан 150-ге жуық спортшы мен жаттықтырушы, «Семей цемент зауыты» ЖШС 50 қызметкері және КАЗГЮУ заң университетінен 70-тен астам студенттер мен мұғалімдер келді», - деп жазды Д. Қажмұханбет Facebook желісінде.

Сонымен бірге, «Гордорстрой» ЖШС арнайы техника (камаз, тиегіш) ұсынып, «Семей Тазалық» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы талондар бөлген.

Өз тарапынан қала тұрғыны ретінде қалалық мәслихат депутаттары А. А. Кисаменов А. Е. Машимов К. Р. Исмаилова және Р. С. Хазипов қатысқан.

«Акцияның мақсаты – әр қатысушының қаладағы тазалықтың маңызды екенін түсінуі және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, жеке жауапкершілік сезімінің пайда болуы. Мұндай адам қазірдің өзінде көшеде қоқыс тастауға болмайтынын біледі», - дейді кәсіпкер Д. Қажмұханбет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT