Семей түлегі ҰБТ-дан 0 балл алып қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 182 түлек ҰБТ сынағын тапсыру кезінде межеден өте алмады. Ал бір түлек мүлде ұпай жинай алмаған. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің жетекшісі Наталья Фесенконың төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Семейде 1914 бала мектеп бітірсе, соның 1415-і ҰБТ тапсырды. Бірақ 182 түлек шектік балл жинай алмады. Ең жоғарғы көрсеткіш 136 балл болды.  Ал ең төменгі ұпай 16 балл. Тіпті қаладағы № 23 мектептің бір түлегі мүлде ұпай алмаған.

Жалпы Семей бойынша ҰБТ орташа балл 84,7 құрады. Білім бөлімінің жетекшісі Наталья Фесенконың айтуынша, «Алтын белгі» мен ерекше үлгідегі аттестат иегерлерінің басым бөлігі өз білімдерін дәлелдеп шыққан. Сәйкесінше, олардың орташа балдары 107 және 103-ті құрады.

«Мен өзім комиссия құрамында болдым. Кейбір балалар тестілеудің соңына дейін белгілемей отырды. Соған қарағанда, олар ата-аналары немесе ұстаздары тарапынан көмек күтті. Әйтпесе 11 сыныптың түлегі мүлде ұпай жинамады деген ақылға қонымсыз. Біз үнемі айтамыз біреуге емес, өз біліміңе сеніңдер деп. Өйткені өзге біреуге сенім арту сұрақтарға дұрыс жауап беруге кері әсер етіп, уақытты алады»,-деді Наталья Фесенко.

Енді шектік ұпайды жинай алмаған 182 түлек жоғары оқу орнына түсу үшін тамыз айында қайтадан емтихан тапсырады. Бірақ жоғары ұпай жинаса да тегін оқу орнына түсу мүмкіндігі жоқ.

Соңғы жаңалықтар