Семей сотында қоғамдық көлік мәселесі талқыланып жатыр
2021 жылғы 21 мамыр 18:00

Семей сотында қоғамдық көлік мәселесі талқыланып жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесіне орай сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей тұрғындары үшін қоғамдық көлік мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов баспасөз мәслихаты барысында осы тұрғыда қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Semey Bus» ЖШС лизингтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін бір жарым жыл бойы орындамаған. Кәсіпорын қызметкерлері де жалақыларын уақтылы ала алмай келді. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша сот талқылауы өтіп жатыр», - деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, егер «Semey Bus» ЖШС сот ісінде жеңіп шықса, жұмыс қайта жалғасып, бірінші кезекте қажетті ақша бөлінетін болады.

Ал істі Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңсе, онда мүлікті осы кәсіпорынға беруге тура келеді. Тендер жарияланып, жеңімпаз болашақта жолаушылар тасымалымен айналысады. Жеңілдік қарастырылған санаттағылар үшін жолақыны төлеу бойынша міндеттемелерді де орындаймыз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі автобус паркіндегі қордаланған мәселелер қызу талқыға түскендігін хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT