Семей полигонына жапсарлас 3 өңірді тереңірек талдау үшін жұмыс тобы құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Берекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде Семей полигонына жапсарлас жатқан елді мекендердің тұрғындарының қазіргі жай-күйін тексеретін комиссия құрылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомсвтоның Telegram арнасындағы мәліметке сүйенсек, кездесуде министр Серікқали Брекешевке қойылған сұрақтардың 90%-ы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлем тағайындау туралы болған.

«Әр ведомствоның, сондай-ақ қоғамдық бірлестік белсенділерінің ұстанымдарын тыңдаған соң, үш облыста (Абай, Қарағанды, Павлодар облыстары) полигонға іргелес аумақ тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын тереңірек талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды», - деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Жыл басында Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алатыны тураыл хабарланған болатын.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар