Семей полигоны аумағында туған қазақстандықтар жаңа көмек ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимінде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді.

Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.

«Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтаға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. «ҰАТ» АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді», - деп «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы:

- порталда авторизацияланады;

- онлайн қызметке тапсырыс береді;

- барлық қажетті жолдарды толтырады;

-ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде дайын болады.


Соңғы жаңалықтар