Семей полициясы халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматына көше бастады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей полициясы халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматына көшеді. Бұл туралы қала тұрғындарымен өткен кездесуде қалалық полиция басқармасының басшысы Дулат Қазақпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Дулат Қазақпаевтың сөзінше бүгінгі күні халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматы әзірленуде. Яғни, полиция қызметінің сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Аталған өзгерістер қауіпсіздік саласындағы халықтың барлық сұрақтарына, құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерімен бетпе-бет келгендерге сапалы заңгерлік көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.

«Біз полицияға деген сенім деңгейін арттыруымыз керек. Осы мақсатта полиция қызметкерлерінің жұмысын сыртқы көріністен бастап моральдік аспектілерге дейін қайта қараймыз. Егер азаматтардың мәселелері полиция құзыретіне кірмейтін болса, онда біздің кеңесшілеріміз қайда жүгіну керек екенін айтып, мекенжай, байланыс телефондарын ұсынады, сондай-ақ қандай құжаттар қажет екенін түсіндіреді», - деді қалалық полиция басқармасының бастығы.

Өткен жылдан бастап полиция қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік іс жүргізудің электрондық форматына көше бастады. Компьютерге енгізілген барлық мәліметтер мен процессуалдық құжаттар тергеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар енді полиция қызметкерлері планшеттің көмегімен 3-5 минут ішінде электрондық форматта әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтыра алады. Бұрын бұл рәсім 15-20 минутты алған. Қазір азаматтың ЖСН-ін немесе автомашинаның мемлекеттік нөмірін электрондық нысанға енгізген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.Осы технологияларды полиция қызметіне енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 2-3ш жылда аяқтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар