Семей орманына өрт қойғандар іздестірілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында болған өртке қатысы бар тұрғындарды полиция қызметкерлері іздеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы іс  бойынша материалдарды ішкі істер басқармасына өткізген. Егер кінәлі азаматтар анықталса, ҚР Қылмыстық Кодексінің 204- бабы, 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Ал егер кінәсі дәленденсе 2 мың айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

«Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабы бойынша іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері тексеру, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер кінәлі тұрғындар анықталса заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады», - деді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр күні «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы қарағай орманы өртенген болатын.

Салдарынан 300 гектар аумақ жанып кетті. Ал тілсіз жауды ауыздықтауға 70-тен астам техника мен  350-ге жуық адам жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар