Семей орманы тағы өртке оранды: 3 өңірден құтқарушылар мен тікұшақтар жұмылдырылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерватында тұтанған өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етілгендей, қазір өртті сөндіруге барлығы 158 адамнан тұратын «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы және техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ Өскемен, Астана, Қарағанды қалаларының құтқару бөлімшелерінен қызметкерлер мен арнайы құралдар жіберілді.

«Таңертең сағат 06:00-де өрт орнына «Қазавиақұтқарудың» қосымша екі тікұшағы ұшып шығады. Сонымен қоса, мұнда Астана, Қарағанды және Өскемен қалаларынан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері жіберілді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Белгілі боландай, өрт туралы хабарлама бүгін сағат 12:03-те түскен. Қызыл жалын Батпай орман алқабындағы 66-шы квартал аумағында тұтанған.


Соңғы жаңалықтар