Семей өңірін дамытуға соңғы жылдары 354 млрд теңге инвестиция тартылған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов жаңадан құрылатын Абай өңіріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семей өңіріне соңғы бірнеше жылда 354 млрд теңге шамасында инвестиция тартылған. Тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуналдық және жол инфрақұрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Елдегі алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі бар Ядролық медицина орталығы іске қосылып, Қарағайлы жаңа шағын ауданы, көпбейінді спорттық-мәдени кешен салынды», - деді аймақ басшысы.

Өз сөзінде ол Шығыс Қазақстан облысының және жаңадан ашылатын Абай өңірінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан әр жанға алғыс білдірді.

«Алаштың рухани ордасы Семейді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 260 млрд теңге қарастырылған. Алдағы төрт жылда бірқатар ірі және маңызды жобалардың сметалық құжаттамасы әзірленді. Бүгінде жаңа облыстың мықты қаржылық негізін өнеркәсіптік алыптар – Ақтоғай кен-байыту комбинаты, Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорындары және орта бизнес нысандары жүргізбек», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар