Семей оңалту орталығында мүгедек балалардың 72% алты айда аяққа тұрып жүре бастаған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде балаларды оңалту орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің мәліметінше, балаларды оңалту орталығы 3 жасқа дейінгі балаларға, ал ерте араласу орталығы 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Мұнда жалпы сомасы 207 млн теңгеге медициналық оңалту жабдықтарының 90-нан астам түрі орнатылған.

Арнайы медициналық қызметкерлер Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Санкт-Петербургте оқытылды.

Ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік - еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Бүгінде Абай облысының барлық тұрғындары үшін маңызды оқиға - перинаталды орталық базасында балаларды оңалту орталығының және ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы. Ана мен баланы қорғау қызметінің даму деңгейі қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының индикаторларының бірі болып табылатыны сөзсіз. Ана мен баланы қорғау - бұл ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз етуге, отбасын нығайтуға, ананың дәрежесін көтермелеуге, балаларды тәрбиелеуге, олардың дене бітімі, зияткерлік және адамгершілік жағынан дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесі. Баршаңызға денсаулық пен амандық тілеймін!»,- деді Бақытжан Байахметов.

Семей қаласы перинаталды орталығының «Қамқорлық» неонатология және педиатрия қызметінің басшысы Гүлжазира Дүйсекенова орталық жұмысының жақсы нәтижелерін атап өтті.

Мысалы, жарты жыл ішінде балалардың 72% аяққа тұрып, жүре бастаған, ал балалардың 55% басын ұстап, 48% еңбектеп жүр.

Бұл - балалардың осындай қысқа мерзімде алған дағдылары.

Соңғы жаңалықтар