+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Семей өлкетанушылары «Ежелгі орманды» тапты

2020 жылғы 27 қыркүйек 15:36
Бөлісіңіз:
Семей өлкетанушылары «Ежелгі орманды» тапты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей өлкетанушылары қала маңынан көне ағаштардың қалдықтарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуықта «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері экспедициямен Мукур өзеніне барды. Аумақты зерттеу кезінде өлкетанушылар дөңнің үстінен ағаш діңі мен тамырына ұқсас ерекше тастарды тапқан.

Өлкетанушы Павел Жуковтың айтуынша, миллиондаған жылдар бұрын Қазақстан жеріне «Ежелгі Тетис мұхиты» деп аталатын теңіз толқындары шайып тұрған. Ол заманда материктердің орналасуы басқандай еді. Жер қабаттарының қозғалысы мұхит тереңдігі мен жағалаудың сұлбасын өзгерткендіктен сондағы өсімдіктер суға түсіп кеткен.


«Биологиялық қалдықтар әр түрлі минералды тұздардың шоғырлану орталығына айналды. Қабаттар көтеріліп, мұхит кеткеннен кейін, қазір біз тұрған аумақ шөгінді жыныстардың орталығы болған. Осы өңірдің көп бөлігін сары, сарғыш шөгінді жыныстар алып жатқанын көрдік. Бұл темір тұзы. Бірақ кейбір ағаш діңдері тұрған жерде марганец тұзы шоғырланған. Олар түсімен, құрамымен және сыртқы түрімен ерекшеленеді. Пайымдауымызша, біз марганец тұзы шоғырланған ежелгі ағаштардың қалдықтарын таптық», - деді П.Жуков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT