Семей мен Сюйчжоу қалалары өзара ынтымақтастық орнатпақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде Қытай Халық Республикасының Сюйчжоу қаласы мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласының арасында достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату ниеті туралы меморандумға қол қойылды.

Жақында Семейге Сюйчжоу қаласының даму және реформалар, экономика және ақпараттық технологиялар, көлік, денсаулық сақтау және тууды жоспарлау, сондай-ақ спорт салаларына жетекшілік ететін сыртқы істер бойынша кеңсе бастығының орынбасары Сунь Вэйминь басқарған қытайлық делегация келіп жетті.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Марат Нүгеров қонақтарға аймақта кәсіпкерліктің қарқынды дамып жатқаны туралы баяндап берді. 2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 131 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы да жақсы көрсеткіштер сақталуда. «Семей барлық бағыттарда тауарлар тасымалдауда тиімді транзиттік дәліз болып табылады. Қаламызда сауда-логистикалық орталықтардың және хабтардың дамуы басым бағытқа айналған, қазір осы жобалар әзірленуде», - деді М.Нүгеров. Өз кезегінде Сунь Вейминь мырза Қытайдың оңтүстігіндегі Цзянсу провинциясында орналасқан Сюйчжоу қаласы маңызды теміржол торабы болып табылатынын, көліктің барлық түрлері бойынша жақсы көлік айырымына ие екенін айтып берді. Аймақта металлургия, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі салалары жақсы дамыған. Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қонақтарға ШҚО экономикасымен толыққанды танысулары үшін Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық жобаларының жинағы мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар