Семей мектептерінде соңғы үш жылда 33 инклюзивті сынып ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы білім ордаларында соңғы үш жылда 33 инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Бұлабаевтың айтуынша, мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті сыныптар саны жыл сайын артып келеді.

«Соңғы үш жылда осындай 33 сынып ашылған. Бұдан бөлек, №4, 20, және 42 мектептер жанында аутизм спектрі бар репетитор қолдау көрсететін сыныптар жұмыс істейді. №4 және 20 мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ресурстық орталықтар ашылды», - деді ол.

Сондай-ақ бірқатар білім ордасында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеп тұр. 16 балабақшада инклюзивті тәрбие мен оқытудың 24 тобы құрылған.

Айта кету керек, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептер мен балабақшаларда «дабыл түймесі» орнатылды.


Соңғы жаңалықтар