Семей мектептерінде қатты жел салдарынан сабақ тоқтатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыстық Білім басқармасының ақпаратынша, бүгін Семейде екінші ауысымда оқып жүрген 1-9 cынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің сайтында Семейде мектептердің екінші ауысымда оқитын оқушылары үшін сабақ тоқтатылғаны туралы хабарланды. Қалада 20 м/сек жылдамдықпен қатты жел соғып тұр. Сондай-ақ қазір Өскеменде де жел күшейіп келеді. Синоптиктер оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 22 м/сек дейін жететіні туралы ескертті.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 14 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа қарай ауысып, жел екпіні 23-28 м/сек дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар