Семей маңындағы орман өрті ауыздықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Кешкі сағат 21:00-де Семей маңында жанып жатқан орман өрті ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

«Семей орманы» табиғи резерватының бөлімше басшысы мәлім еткендей, өрттің жалпы аумағы 100 гектарды құрайды.

«Өрт шыққан жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Дәл қазіргі жағдай бойынша жекелеген ошақтар жанып жатыр. Оны орман шаруашылығының қызметкерлері аспалы өрт сөндіргішпен және шартылдақпен сөндіруде. Өрттің шарпу қаупі жоқ», - делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында.
null

Өрт шыққан жерге 8 өрт сөндіру техникасы және облыстық өрт сөндіру қызметінің 79 адамы, «Семей орманы» табиғи резерватының 234 қызметкері және 50 техника, соның ішінде 25 автоцистерна жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала шығу себебі - тұрғындардың отты абайсыз қолдануы.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы қарағай орманы өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар