«Семей - Мақаншы» бағытында жүздеген жолаушы жолда қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Семей - Мақаншы» бағытындағы жолаушылар автобусы жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Семейден кеше сағат 20.00-де Мақаншыға бет алған автобус Таскескеннен шыға берер жолда қалған. Бұл туралы Нұрқат Ежекеева есімді жолаушы хабарлады. 5 сағаттан бері жолда тұрғандарын айтқан ол құзырлы орындарға хабар бергенмен әзірге еш көмек келмегенін жеткізді.
Автобустың ішінде 80-нен астам адам бар. Оның 10-ға жуығы бала. Таңғы сағат 4-те сазбалшыққа батқан жолаушылар автобусынан өзге «КамАз» көліктері де бар екен.

Осы мәселеге қатысты Таскескен ауылының әкімі Азади Жүнісовке хабарластық. Әкімнің айтуынша, келеңсіз оқиға «Семей-Алакөл» бағытында салынып жатқан жолдың кесірінен болған. Өйткені жаңбырдан кейін жол сазбалшыққа айналған.

«Хабар алдық. Қазір жолаушыларға көмектесу үшін трактор жолға шықты. Көмектесуге тырысады. Бұл 3 мемлекеттің арасындағы жол болғандықтан бұл жолды жаба алмаймыз. Бұған дейін жолға қиыршық тастар төгіп келгенбіз. Бірақ соған қарамастан жол балшыққа айналып кетті. Өйткені ауылда 3 күн қатарынан жаңбыр жауды»,- деді Азади Жүнісов.

null null 

Соңғы жаңалықтар