Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 25 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Семей көшелерінен нөсерден кейін 3600 текше метр су сорылды

2018 жылғы 14 маусым 16:49 318
Бөлісіңіз:
Семей көшелерінен нөсерден кейін 3600 текше метр  су сорылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қатты дауыл мен нөсерден кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде нөсер салдарынан жеке меншік сектордағы көшелер мен аулалар су астында қалды Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге 371 млн теңге бөлінді

Еске сала кетейік, 13 маусым күні сағат 17.30 шамасында қалада ауа-райы құбылып, дауылдың соңы жаңбыр аралас бұршаққа айналды. Көше жолдары мен аулаларды су басып,  көлік қозғалысы қиындады.

Қазір су басқан Мұхтар Әуезов, Кешірім Бозтаев, Әріп Тәңірбергенов, Глинки, Народный көшесіндеі суды тарту жұмыстары аяқталған. Тек Селевин көшесінде жұмыстар жалғасып жатыр. Жарты сағат ішінде бір айлық нормаға жуықтаған жаңбырдың мөлшерінен мұнда арнайы орнатылған сорғылар істен шыққан.  Салдарынан жиналған судың деңгейі 2 метрге жеткен.


Семей көшелерінен нөсерден кейін 3600 текше метр  су сорылдыТүні бойы бұл жерде 400 куб (текше) метр су айдайтын өрт сорғы стансасының (ПНС) көлігі, 300 текше метр мотопомпа, 10-ға жуық ұсақ мотопомпа мен  арнайы көліктер жұмылдырылды. Қазір істен шыққан сорғыларды жөндеу жұмыстарымен  коммуналдық қызметтің 12 қызметкері мен 4 техникасы айналысуда. Жалпы қала бойынша нөсерден кейін 3600 текше метр  су сорылды.


Семей көшелерінен нөсерден кейін 3600 текше метр  су сорылды«Су бірнеше көше мен айналма жолдарды  басып қалды. Абырой болғанда, жеке сектордағы үйлерге кірген жоқ. Зардап шеккен тұрғындар да жоқ. Қазір су басқан көшелердегі суды айдау жұмыстары аяқталды. Тек Селевин көшесінде жұмыстар жалғасып жатыр»,-деді Семей қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Қымбат Көпбаев. 


Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат