Семей көшелерін жарықтандыруға 2,4 млрд теңге жұмсалмақ

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы көшелерді жарықтандыруға 2,4 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан бойынша директорының орынбасары Бақтияр Файзеевпен кездесті.

«Қазіргі уақытта біз Абай облысында үш жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Атап айтқанда, сумен жабдықтауды жаңғырту, Семей қаласындағы көшелерді жарықтандыру және Аягөздегі кәріз құбырларын тазарту құрылыстары», - деп атап өтті ЕҚДБ өкілі.

Сумен жабдықтау жобасы аяқталуға жақын. Ал Семей қаласының көшелерін жарықтандыру үшін 7 мыңға жуық жарық нүктесі жетіспейді. ЕҚДБ бағалауы бойынша, бұл үшін 2,4 млрд теңге қаражат қажет. Оның 500 млн-ға жуығы облыс әкімдігінің бюджетінен бөлінсе, қалған бөлігі аталған банктен несие түрінде алынады.

Нұрлан Ұранхаев жарықтандыру жұмыстары тек орталық көшелерде ғана емес, бүкіл қала бойынша жүргізілуі тиіс екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар