+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Семей көшелерін жарықтандыруға 1,8 млрд теңге бөлінген

2021 жылғы 15 қыркүйек 03:15
Бөлісіңіз:
Семей көшелерін жарықтандыруға 1,8 млрд теңге бөлінген

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көшелерді жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде биыл табысы артқан 400 отбасыға АӘК төлеу тоқтатылды Көкшетауда Семей ядролық полигонының жабылуына арналған халықаралық конференция өтті

Шаһар әкімі Бақытжан Байахметов көшелерде заманауи энергия үнемдейтін шамдарды орнатуға жауапты тайваньдық Everlight компаниясының өкілдерімен кездесті. 2019 жылғы желтоқсанда жүргізілген тендер нәтижесі бойынша аталмыш компаниямен кесілімшарт жасалған. Жобаның жалпы сомасы – 1,8 млрд теңгені құрайды.

Осының нәтижесінде қаладағы 136 көшенің жарық шамдары жаңартылады. 7 659 шамды қуаттылығы 70, 130 және 150 Вт жарық диодты шамдарға ауыстыру көзделген. Сондай-ақ жоспар бойынша 687 тірек, 2,5 мыңнан астам кронштейн және 130 шақырымды құрайтын сымдар ауыстырылады. Сонымен қатар шамдарды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін біріңғай диспетчерлік орталық енгізілмек. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін шаһардағы электр қуаты 60%-ға үнемделеді деп күтілуде.

«Шамдарды ауыстыру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерді айқындадық. Тізімге бұрын жарық болмаған 33 көше қосылды. Бұл жоба өте маңызды. Энергия үнемдейтін шамдарды және автоматтандыру жүйесін орнату қаражаттың үнемделуіне жол ашады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды жеткізу мерзімінің созылуы біраз қиындық тудыруда. Қысқа уақыт ішінде осы мәселені шешу керек. Себебі ауа райы суытқан жағдайда жабдықтарды орнату мүмкін болмайды. Бұл жұмыс сапасына теріс әсер етеді», - деді Бақытжан Байахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT