Семей көшелері еріген қар суынан тазартылуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қар шығару және еріген қар суын ағызу жұмыс­тары қарқын алып, арықтар мен құбыр­лар, су жинақ­талатын орындар тазартылуда. Тұрғындардың өтініші бойынша үйлеріне судың жолын бөгейтін инертті материалдар да жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде қала көшелеріндегі еріген қар суын айдау және инертті материалдарды жеткізу үшін 17,1 млн теңге, ал үйілген қарды шығару үшін жергілікті бюджеттен 49 млн. теңге қаражат бөлінді.

«2018 жылдың 13-ші қарашасынан 2019 жылдың 11 наурызы аралығында қаладан 81200 м3 қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Бүгінде Жанатайұлы, Красина, 2-ші Киевская, Киевская, Нұрбаев, Аягузская, Порхоменко сияқты су басу қаупі бар көшелер қардан тазартылып жатыр»,-делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ағымдағы жылдың 28 ақпанынан Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде еріген суды айдауға, сондай-ақ инертті материалдарды жеткізуге тұрғындардан өтінімдер қабылдауда. Бүгінге дейін тұрғындардан 274 өтініш түскен. Нәтижесінде 5900 м3 су сорылып, 157 көлік инертті материал жеткізілген. Қазір көшедегі қар суын айдау жұмыстарымен күнделікті 31 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар