Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Семей коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді.

«Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар», - деп жазды әкімдіктегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылғаны туралы жазған болатынбыз.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар