Семей əкімі тұрғындарды баспаналарына оралуға шақырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су тасқыны орын алған кезде үйлері су астында қалған 540 адам  эвакуациялық орындарға жайғасқан болатын. Біразы әлі күнге дейін сонда тұрып жатыр. Себебі, бүлінген баспаналарында әлі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Ал «Семей» қонақүйі мен Электр техникалық колледжінің жатақханасында тұрып жатқан 77 адамға 1 тамызда орындарын босату туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

29 наурызда Семейде болған су тасқынынан барлығы 540 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, эвакуациялық пункттерге орналастырылған. Олардың басым көпшілігі қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жаңа туған нәрестесі бар отбасылар. Алайда оларға 1 тамыз күні орындарын босату туралы ескерту жасалған. Мұны естіген тұрғындар наразылықтарын білдіріп, қала əкімінен мәселені біржақты етуді сұрады.

Бүгін қала əкімі Ермак Сəлімов Бобровка саяжайына барып тұрғындармен кездесті.
Ол атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

" Егер үйде жүргізілген жұмыстар аяқталса онда тұрғындардан қайтуды сұраймыз. Себебі тұрғындардың жатар орны мен тамағына қаражат әкімшілік есебінен емес. Менің ойымша, кейбір тұрғындардың қайтқысы жоқ. Барлық қажеттілік бар сондықтан тағы тұра берейін деуге болмайды. Өйткені біз  шығынды ұзақ уақыт көтере алмаймыз",-деді қала әкімі.

Қонақүйде тұрып жатқан тұрғындардың барлығы үйлеріне қайтуға дайын болғанмен баспаналарында жұмыстар аяқталмаған. Сондықтан  әлі көшуге әзір емес екендіктерін жеткізді. Қала əкімі өз кезегінде тұрғындардың үйлері толық жөнделгенше алаңсыз қонақүйде тұратындарын жəне барлық қажеттіліктермен қамтылатынын айтты.

Қазір бүлінген баспаналарды қалыпқа келтіру жұмыстары  жалғасуда. "Сəт Транс" жəне "Гордорстрой" мердігер мекемесі барлық жұмыстарды жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар