Семей қаласының ТЖБ: Үйлерді су басу қаупі жоқ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде жағдай тұрақты, судың деңгейі - 4040 см. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жұртшылық тарапынан шағымдар келіп түскен жоқ. Орындарда визуалдық мониторинг жүргізілуде.

Семей қаласы бойынша ТЖ басқармасының хабарлауынша, 30 метр жерді топырақпен нығайту жұмыстары аяқталып, 50 метрі жаңадан тұрғызылды.

Барлығы 51 көлік топырақ (357 текше метр) жеткізілді, үйіндінің ені 3 метрді, биіктігі - 1,5-2 метрді құрайды.

Аталған учаскеде жергілікті атқарушы органнан 7 арнайы техника мен 9 адам жұмыс істеген.

Семей қалалық ТЖ басқармасынан 2 адам, 1 техника жұмыс істеді, Семей қаласының ІІБ-нан 3 қосын құрылып, жеке құрамның 3 адамы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар