Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасап.
«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада.
Қаладағы № 49 мектеп те ақын атымен аталады. Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.
Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды.
Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады. Қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға үлкен ескерткіш орнататын болады.
Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды. № 2 орта мектеп - Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия - Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп - Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.
- Салық рақымшылығы: Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді
- Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты
- Президент Жолдауын іске асыру: инвестиция және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі
- Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады
-
Президенттік кадр резервін жоғары лауазым үміткерлері деп қарауға болмайды - Тоқаев
-
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын атады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам