Семей қаласының әкімдігі 170 жаңа автобус сатып алмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласына жергілікті зауыт құрастырған 170 жаңа автобус сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһардағы қоғамдық көліктерді жаңалау мақсатында жергілікті «СемАЗ» зауытынан 170 жаңа көлік сатып алынбақшы.

Жобаны «РБК Лизинг» компаниясы қаржыландырады. Облыс бюджетінен алғашқы жарна ретінде 620,2 млн теңге бөлінбек. Жобаның жалпы құны - 4,135 млрд теңге. «РБК Лизинг» ұсынған 3,5 млрд теңгені «Sеmey Bus» ЖШС жеті жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Аталмыш қаражатқа 40 млн. теңге тұратын 30 автобус, 29 млн. теңге тұратын 80 автобус, 10,2 млн теңге тұратын 60 автобус алынады.

«Қаладағы қоғамдық көлік шаруашылығын жаңғырту үшін «Sеmey Bus» ЖШС-ін құрдық. Оның 49 пайызына қала әкімдігі иелік ететін болады. Қалған 51 пайызы жеке меншікке тиесілі. Сатып алынатын автобустың бәрі «Daewoo» маркалы жергілікті өндіріс өнімдері» - дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

null 

Соңғы жаңалықтар