Семей қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары жасалады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 2035 жылға дейінгі даму кезеңін қамти отырып, Семей қаласының бас жоспары жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Семей қаласы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сияқты сауда-логистика, инвестиция орталығына айналып, өмір сүруге ыңғайлы қала болуға тиіс.

Осы орайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2035 жылға дейінгі даму кезеңін қамтитын Семей қаласының бас жоспарын дайындауды қала әкімдігі мен салалық басқарма басшыларына тапсырды.

«Семейдің географиялық жағдайы оның жоғары транзиттік әлеуетке ие болу мүмкіндігін, сондай-ақ оны Павлодар-Семей-Өскемен өнеркәсіп белдеуінің инновациялық орталығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Семей – мәдени-тарихи маңызға ие қала. Сондай-ақ жаңа мәртебе ала отырып, Семей болашақта еліміздің креативті қалаларының біріне айналуы мүмкін. Семей қала кеңістігін жоспарлаудың заманауи тәсілдерін пайдаланған кезде Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан халқы үшін тартылыс нүктесіне айналады», - делінген әкімдік мәліметінде.


Фото: gov.kz





Соңғы жаңалықтар