Семей қаласында Ядролық медицина орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тамыз айында Семейде Ядролық медицина орталығын ашу жоспарланып отыр. Онда Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі ретінде радионуклидті терапия енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қзыметінен хабарланды.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлік ісік ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өткен болатын. Жиында елімізде жыл сайын 30 мыңнан астам қатерлі ісік аурулары анықталатыны, оның ішінде 53,6 пайызы ғана науқастың ерте кезеңінде белгілі болатыны айтылды. Жалпы бүгінгі таңда елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың электрондық тізілімінде 146 мыңнан аса адам тіркелген. «Қазақстанда өңеш, асқазан, бауыр және еркектік без обырларына жүргізілетін скринингтерге кезең-кезеңмен жыл сайын 6 өңірден қосылып жатыр. Осылайша, 2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі», - делінген баспасөз баянында. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда сүт безі обырының 85 пайызы, жатыр мойны обырының 95 пайызы, колоректальды обырдың 75 пайызы ерте сатысында анықталады. Бұл өз кезегінде жүргізілетін емнің тиімділігін арттырады. «Жалпы, онкологиялық бағдарлама аясында жалпы елімізде аудандық және қалалық емханаларда 101 арнайы кабинет ашу жоспарланған. 2013 жылы 138 маммологиялық және 21 практологиялық кабинет ашылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар