Семей қаласын дамытуға 260 млрд теңге бөлінеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған 2020-2025 жылдарды қамтитын кешенді жоспар жасалған. Оны іске асыруға 260 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәртебесі берілетінін айтқан еді. Алаштың рухани астанасын дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленген. 5 жыл көлемінде іске асатын бұл жобаға 260 млрд теңге жұмылдырылады. Бұрын-соңды осы қалаға мұндай ауқымды қаржы бөлінбеген. Сондықтан шаһар гүлденіп, тұрғындардың өмір сапасы жақсаратыны сөзсіз», - деді Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Аймақ басшысының сөзіне сенсек, кешенді жоспар аясында 7 бағыттағы 56 шара іске асырылады. Атап айсақ, кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы және көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттары қамтылады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ҚР Президенті Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілетінін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар