Семей іргесіндегі елді мекендерге 2022 жылы бірқатар нысандар салынады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл бөлінбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бақытжан Байахметовтің мәліметіне сүйенсек, шаһардың шет аймақтарын дамытуға баса назар аударылған. Келесі жылы 16 балалар, спорт және көпфункционалды алаңдар орнату жоспарланып отыр.

«Қайнар ауылын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіретін жолдар жөндеуден өтеді. Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы бой көтеріп, Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарында көше жарығы орнатылады», - деді Бақытжан Байахметов.

Сондай-ақ, Алғабас ауылында бұрынғы интернат ғимараты жөнделмек. Көкентауда сумен жабдықтау жұмыстары, ал Талица және Жарқын ауылдарында көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар