Семей іргесіндегі ауылда ауыз су мәселесі шешіледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдің маңындағы Қайнар ауылында  шешілмеген әлеуметтік мәселенің  бірі  халықты таза ауыз сумен қамту. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бұл мәселе қыс мезгілі басталғанға  дейін шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Ермак Сәлімов  Қайнар ауылына  арнайы жұмыс сапарымен барып,  елді мекеннің  тыныс-тіршілігімен танысты. Ауыл әкімінің халық  алдындағы   есебі  бойынша  берілген тапсырмалардың орындалу барысын  пысықтады.

  Ауылдағы басты мәселенің бірі  ауыз сумен қамту. 2017 жылы республикалық бюджеттен  467 миллион  теңге бөлініп,  су тарту  жұмыстар басталған. Бүгінде 194 миллион теңге игеріліп,  ауылдың ішіне негізгі су құбырлары тартылған. Бірақ мердігер мекеме өз жұмысын  дұрыс  атқармағандықтан, келісімшарт тоқтатылған. Қазір мәселе сотта қаралуда. 

«Су құбырлары қазір ауыл тұрғындарының  ауласына дейін тартылды. Тұрғындар болса  ары  қарай үйдің  ішіне өздері тарту керектігін білмейді. Ауыл әкім халыққа  атқарылып жатқан жұмыстар туралы  түсіндіріп айтпаған, халықпен кездеспеген. Алдағы уақытта  біз барлық жұмыстарды аяқтаймыз, ол кезде күз болып, жер қазу жұмыстары қиындайды, сондықтан қазірден  бастап  іске кірісу керек. Тұрғындар суды қабылдап алу үшін дайындық жұмыстарын жасау керек»,-деді қала әкімі.

Ауыл тұрғындарының үйлерін аралап, жағдайды түсіндіріп шыққан қала әкімі негізгі құбырлар толықтай тартылғандығын, алдағы уақытта басқа мердігер компания жұмыстарды  аяқтап, қыс басталғанға  дейін ауыз су ауылға берілетінін жеткізді.

«Үйлердің іргесіне келген  суды  тұрғындар өз қаражаттарына  ары қарай қабылдап алады. Оның  өзіндік тәртібі мен талаптары бар. Біз барлық тұрғындарға үй ішіне тартатын су құбырларының  біріңғай типтік  жобасын  жасап шықтық, онда бәрі нақты көрсетілген. Сол  бойынша  жұмыс істеу қажет»,- деді «Семей су арнасы»  МКК директоры  Еркен Сағындықов.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар